
Әлем бойынша және елімізде де ірі корпорациялар, кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге көмек көрестуде.
Барлығы қолдан келген көмектерін аямауда. Өңіріміздегі Kaz.Fruit. Company, «Дина» және «Анвар» гипермаркеттері, «АлтынФуд», «Каспиан-Маркет», «Дана», «Аман» супермаркеттері де тыста қалмай қолдау көрсетуде.
Атап айтқанда бұл кәсіпкерлер өзара бірігіп бекітілген кестеге сәйкес облыстағы провизорлық орталықтардағы дәрігерлерге денсаулықтарын арттыру мақсатында жеміс-жидектер мен сусындар жеткізуде.