
Ел азаматтары Марат Ормановтар отбасы және Сергей Ворожейкиннің демеушілігімен арнайы алынған аппараттардың 30 - облыстық ауруханадағы провизорлық стационарға, 5 - Жаңаөзен қаласына, ал аудандарға екі-екеуден үйлестірілді. Аталған құрылғыларды дәл қазір дәрігерлердің қолына тапсырып, қала, аудандарға жөнелтілді. Індетпен күресте елдің жанынан табылып, өз үлестері қосып жатқан жомарт жандарға облыс әкімдігінің атынан алғыс айтамыз!