
Бұл туралы онлайн брифингте Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов мәлімдеді.
Аудан көлемінде мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар саны – 22, оның ішінде 11 мемлекеттік балабақша және 11 жекеменшік. Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жастағы балалар 100% қамтылған.
Ауданда жалпы орта білім беретін 10 мектеп жұмыс жасайды. Ондағы оқушылар саны – 9037. 11-сынып бітірген түлектер саны – 333, оның ішінде 320 түлек, яғни 96,0 % Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды.
«Алтын белгі» иегерлері – 16 (Былтырғы оқу жылында – 7.) «Үздік аттестат» иегерлері – 11.
2019/2020 оқу жылының IV тоқсанын ауданның барлық жалпы орта білім беретін мектептерінің 8207 оқушысы қашықтықтан білім алды. Барлық оқушы үйінде қашықтықтан оқуы үшін қажетті электронды құрылғылармен қамтылу жағдайы зерделеніп, электронды құрылғылары жоқ 102 оқушыға мектеп балансындағы компьютер, 8 оқушыға демеушілікпен 7 планшет, 1 смартфон берілді. Аудан кәсіпкерлері демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 55 отбасына 20 мың теңгеден азық-түлік, 9 ноутбук, 8 телевизор, 25 телефон таратылды.
Оқушыларға қашықтықтан білім алуға жағдай жасау мақсатында мектептерге облыстық бюджеттен 50 роутерге 850 мың теңге, 53 компьютерге 8 млн 29 мың 500 теңге қаражат бөлінді.
7465 оқушы «Балапан», 742 оқушы «Еларна» телеарналық бағдарламалар арқылы білім алды.
«ҚР Үкіметінің №191 қаулысына сәйкес мектептерде бейнебақылау орнату бағытында ауданның 4 мектебіне / Е.Өмірбаев атындағы орта мектеп, М.Горький мектеп лицей, Шахта орта мектебі және М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназия/ 9 млн бөлінді. Аталған мектептерде бейнебақылаумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталып, іске қосылды», - деді аудан әкімі.
Сондай ақ, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасы аясында аудан бойынша 5 мектепке 27 000 000 тг қаражат бөлініп, ішкі әжетханалармен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, бүгінгі таңда 2 мектептің / М.Горький мектеп-лицейі және З.Баймырзаев атындағы орта мектеп / жұмыстары аяқталып, 3 мектептің / Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы, Шахта орта мектебі және М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназия/ құрылысы жалғасуда.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Форт-Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектепте қайта құрымдауына және Сайын Шапағатов ауылдық округіндегі «Г.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейіне» ғимараттың ағымдығы жөндеуіне қаражат қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудандағы үш аусымды жою мақсатында Ақшұқыр ауылынан салынған 600 орынды мектептің құрылысы аяқталып, осы оқу жылында іске қосылады деп күтілуде.