ҚҰРЫҚТА АУЫЛІШІЛІК ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚҰРЫҚТА АУЫЛІШІЛІК ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Құрық ауылындағы ауыл ішілік автомобиль жолдарын салу (1-кезек) құрылысы жалғасуда. Жоба бойынша салынатын жолдың ұзындығы Сатпаева, Маметова Автобаза, Жолшы массив, 5,10,13,14 шағын аудандарды қосқанда 7,1 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме «Ақ жол құрылыс» ЖШС-і, келісім-шарттың жалпы құны 302,6 млн. теңге көлемінде.
- 2019 жылы Жолшы массив, 5,10,14 шағын аудандардың жол жөндеу құрылысына 150,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 3552 / / метр жолдың құрылысы аяқталған болатын. 2020 жылға жергілікті бюджеттен Сатпаева, Маметова, Автобаза, 13 шағын аудан жолдарын аяқтау үшін 152,6 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың шілде айы деп есептеп отырмыз, – деді «Қарақия аудандық тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің сектор меңгерушісі Асан Чукин.