АҚТАУДА 1 ЖАСАР БАЛАДАН «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

АҚТАУДА 1 ЖАСАР БАЛАДАН «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа бір жағдай тіркелді. 2019 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны. Осыған дейін вирусты жұқтырған науқастың ұлы. Қауіпті дерт анықталған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
28.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 32 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 18
Жаңаөзенде – 4
Маңғыстау ауданында – 4
Мұнайлы ауданында – 3
Қарақия ауданы – 3
Жазылып шыққаны – 7
Қайтыс болған – 1