Маңғыстауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтті

Маңғыстауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтті

Ақтауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кездесу өтті. Шарада облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқаков ел тарихында миллиондаған қазақтардың өмірін қиған бірқатар қайғылы оқиғалар орын алғанын атап өтті. Олардың бірі – 30-шы жылдарындағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық.  Сонымен қатар іс-шараға  этномәдени бірлестіктердің өкілдері, осы оқиғалардың куәгерлері және олардың ұрпақтары, сондай-ақ жергілікті тұрғындарыда қатысты. Жиында құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, Жалау Мыңбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

 

Ресми мәліметтер бойынша , Маңғыстау облысында 950 адам қуғын-сүргінге ұшырады. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде айтқандай «тарих сабақтары тек қазақстандықтардың қазіргі заманғы ұрпағы түсінген және жүзеге асырған кезде құндылығы бар болып саналады».  20-ғасырда біздің халқымыздың бастан кешірген оқиғалардың сенімді кепілдігі-әлеуметтік бірлік, этносаралық келісім, тұрақты экономика және Қазақстанның жоғары халықаралық беделі. Бастан кешкен қайғылы оқиларды қайталамас үшін біз бұл жетістіктерді бағалай білуіміз керек.

 

«Кеңес Одағында 30-шы жылдары саяси себептерге байланысты Қазақстанда 103 мың адам сотталды. Олардың 25 мыңы атылды. Біздің мемлекетіміздің территориясында 11 лагерь құрылды. Осы лагерлерде Кеңес Одағының барлық жерінен 5 миллион адам болды.  Бұдан басқа, осы жылдар ішінде Қазақстанға бүкіл халықтардың жаппай жер аударылуы болды. Лагерьлерде қазақстандық мәдениеттің, ғылымның, білімнің көрнекті өкілдері қаза тапты. Бұл ең маңызды тарихи сабақты әрқашан есте сақтауымыз керек»- деді облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов.

Сондай-ақ, қалада салтанатты митингтер, қуғын-сүргінге орай фильмдер мен спектакльдер көрсетілді. Облыстық драма театрында «Болашақ үшін естелік» спектаклі көрермен назарына ұснылды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі