Ғылыми халықаралық экспедицияның алғашқы кезеңі аяқталды

Ғылыми халықаралық экспедицияның алғашқы кезеңі аяқталды

Ғылыми халықаралық экспедицияның алғашқы кезеңі аяқталды

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов "Маңғыстаудың тарихи және мәдени мұраларын қорғау және пайдалану" жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты. Ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмысына шетелдік және еліміздің белгілі ғалымдары, археологтар, этнографтар, өлкетанушылар, тарихшылар қатысты. "Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұрасы" халықаралық ғылыми кешенді экспедициясы биылғы жылдың мамыр айында бастау алған болатын. Экспедицияның мақсаты Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұраларын зерттеу және мың жылдық тарихы бар өлкенің ескі мұраларын қайта қара, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын ұлттық және халықаралық деңгейде насихаттау.
Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысының күн тәртібінде біздің өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қорғау және пайдалану саласында атқарылған жұмыстар және оларды сақтау жөніндегі жұмыстар туралы есептер, сондай-ақ Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, насихаттау және сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды.
"Қызылқала ортағасырлық қалашығы" ескерткішін дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне қосу бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсаттар туралы – ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері т.ғ.к. А. Қасеналин,

«Маңғыстау археологиялық ескерткіштерін зерттеудің келешегі туралы» - Ә. Марғұлан атындағы археология институтының директоры академик Б. Байтанаев, "Ерте темір дәуіріндегі Жыңғылды және құмыра қорымдарын, сондай-ақ "Алтынқазған" діни-жерлеу кешенін зерттеудің нәтижелері мен келешектегі перспективалары» туралы - археолог А. Астафьев баяндама жасады. Астафьев баяндама барысында "Жыңғылды және құмыра қорымдарын зерттеу нәтижелері бойынша ежелгі көшпелі қоғамдастықтардың материалдық мәдениетін тану тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бастауларын қалыптастырудың этникалық үдерістерінің тереңдігін ашу тұрғысынан да зерттеуді ұсынды. Сонымен қатар, ғалым тұрақты жұмыс істейтін Маңғыстау археологиялық экспедициясын құруды, "Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұрасы" ғылыми еңбектерінің көптомдық басылымын құруды ұсынысын көтерді.
Ғылыми экспедиция өлкенің баға жетпес тарихи мұрасы ұлттық идеологияның бөлігі ету, еліміздің әлемдік брендін жоғарылату, туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен патриотизмді арттыруға бағытталған. Экспедиция барысында ноғайлы кезеңінің ескерткіштері және аймақтың шыңырау-құдықтары зерттеледі. Экспедиция қорытындысы бойынша «Kazakh TV» арнасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылатын бірнеше сериядан тұратын деректі фильм түсау кесері болды. Шет елдерде Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұрасын одан әрі насихаттау мақсатында отандық және шетелдік ғылыми – танымдық арналарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде-Youtube, Facebook, Twitter және т. б.орналастырылады. Ел Арна және "Kazakh TV" көрсетіледі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі