
Бүгiн Ақтау қаласындағы "Бəйтерек" жəне "Юность" кинотеатрында А.Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» фильмi кɵрсетiлдi. Жаңа туындыны тамашалауға ɵңiр басшысы Ералы Тоғжанов, қоғам белсенділері және мемлекттік қызметкерлер келді.
Фильмде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу кезіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады. Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетілдi.