
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалыкова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Жаңаөзен қаласында бірқатар нысандарды аралады.
Гүлшара Әбдіқалықова Жанарыс тігін фабрикасының ұжымымен кездесті, онда 340-нан астам адам жұмыс істейді, олардың 95% - әйелдер. Кәсіпорында мұнай және басқа да салалар үшін арнайы киімдер тігіліп шығады. Мекеме басшысының айтуы бойынша фабрикадағы еңбекақы 136 мың теңгеден жоғары.
"Әлеуметтік қамқорлық" республикалық бағдарламасы аясында премьер-Министрдің орынбасары мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі әр қайсысы 6 баладан тәрбиелеп отырған 4 көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйіне барды.
Көп балалы ана Жадыра Нарымбаева, алты бала тәрбиелеп отыр, Күміс алқамен марапатталған, бірақ ұзақ уақыт жұмыс таба алмады. Ол жақында пошта таратушы жұмысына орналасқан. Нұрбике Егізбаева да күмісалқа иесі. Ол мектепте жұмыс істейді. Билік өкілдері жолдасын "Өзен Инвест" компаниясына тұрақты жұмысқа орналасуға көмектескені үшін алғысын білдірді.
Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова мемлекет тарапынан көрсетілетін жаңа әлеуметтік қолдау шараларын, оларды іске асырудың мақсаттары мен тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алу ережелері туралы айтылды.
Бүгінгі таңда Маңғыстауда ең төменгі күнкөріс деңгейі -33 928 теңге. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - 23 749 теңгені құрайды. Дәл осындай соманы АӘК алуға құқығы бар көп балалы, аз қамтылған отбасылар ай сайын бір балаға алатын болады. Жалпы, Маңғыстау облысында осындай көмекті 14 211 адам, Жаңаөзенде 3 мың адам алатын болады.
Сонымен қатар, облыста атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған көп балалы отбасыларға 100 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсету туралы шешім қабылданды.
Жұмыс күнінің соңында Гүлшара Әбдіқалықова мен Бердібек Сапарбаев халықты жұмыспен қамту орталығында болды. Бұл жерде оларға Жаңаөзен қаласында жыл соңына дейін 5260 жаңа жұмыс орныны ашылатыны айтылды.