
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зураб Абашидзені қабылдады. Өңірге арнайы сапармен келген елші Маңғыстау облысының экономикалық әлеуетімен танысып, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту, кәсіпкерлік, құрылыс, туризм бағытында байланыс орнатуды көздейді. Жалпы, 2018 жылы Маңғыстау мен Грузия республикасы арасындағы тауар айналымы 3 млн АҚШ долларын құраған. Қазіргі таңда облыс аумағында грузин капиталының қатысуымен 27 кәсіпорын тіркелген.
«Екі өңірдің арасындағы сауда-экономикалық байланыс екі жақтың да қарым-қатынасын нығайтады деген сенімдемін. Қызығушылық жоғары. Ақтау мен Құрық порты біз үшін өте маңызды. Дәл осындай біздің Батуми порты бар», - деді Зураб АБАШИДЗЕ.
Ералы Тоғжанов: Бүгінгі таңда Құрық портына дейін 2000 шақырым теміржол салынған. Сондай-ақ, Грузиямен туризм бағытында байланыс орнатуды қарастырамыз. Маңғыстаудың көліктік-логистикалық әлеуеті зор. Біздің облыс Грузия үшін сенімді серіктес бола алатынын атап өтті.