
Бүгін Ақтау қаласының Шығыс-2 шағын-ауданында "SAFIIA" жаңа медициналық орталығын ашылды.
Аталған орталық күніне 300-ден астам адамға қызмет көрсетуге, сондай-ақ 30 000 жуық, Ақтау қаласының Шығыс-1,2,3 шағын аудандарының және 31,32,34,35 шағын аудандарын оған қоса Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылының тұрғындарына қызмет көрсету мүмкіндігі бар.
Облыс әкімі өз сөзінде: "Сіздерді жаңа медициналық орталықтың ашылуымен құттықтаймын, бұл орталықтың ашылуы жақын орналасқан шағын аудандардың тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге және қаланың мемлекеттік емханаларындағы жалпы практика дәрігерлеріне жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді",-деп атап өтті.
Ақтау қаласында орналасқан медициналық орталық, Шығыс-2, №382 ғимарат, 3 қабаттан тұрады, 30 төсек күндізгі стационар, 22 кабинет, Қан алуға арналған емшара бөлмесі, терапевтік кабинет, ЖТД кабинеті, стоматологиялық кабинет, гинекологиялық кабинет, УДЗ, офтальмологиялық кабинет, хирург кабинеті, операциялық блок бар.