
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қала ішіндегі бірнеше ғимаратты аралады. Өңір басшысы мүгедектерге арналған инво таксимен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоғамдық нысандарды аралап, пандустарды тексеріп шықты.
Аймақ басшысы бастаған топ 15 шағын шағын ауданда орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына, Ақтау қаласының әкімдігіне, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және облыстық аурухана мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешеніне барды. "Кез келген ғимарат арбадағы мүгедектердің кіріп, шығуына ыңғайлы болуы тиіс екендігін және кейбір нысандардағы арба жолдарын қолайлы етіп, қайта жөндеу керек" деді, облыс әкімі.






