№ 14 «16» қыркүйек 2022ж.
Маңғыстау ауданының Ақтөбе
ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-2 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалсын.
- Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының келісілген қосымшасымен бекітілсін.
- Осы қаулы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетшесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Маңғыстау аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы Л.Жонасов
Маңғыстау аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Ә.Ұзақбай