Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының
Түпқараған ауданы Баутин ауылы әкімдігіне кандидаттыққа ұсынылғандар туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылдың 01 қыркүйегінде Түпқараған аудандық сайлау комиссиясына Баутин ауылы әкіміне кандидаттар М.И.Нұржауов, Е.К.Жеткизгенов өзін-өзі ұсыну жолымен құжаттарын тапсырды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.