Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының
Түпқараған ауданы Баутин ауылы әкімдігіне кандидаттыққа ұсынылғандар туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылдың 26 тамызында Түпқараған аудандық сайлау комиссиясына Баутин ауылы әкіміне кандидаттар Ж.Қ.Асанов, Ә.З.Мақашов, Ш.К.Нургалиева өзін-өзі ұсыну жолымен құжаттарын тапсырды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.