Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы және Атамекен ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылғы 21 тамызда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы және Атамекен ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының                                    9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының ауыл әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды.

          Маңғыстау ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 19 294 азамат енгізілді, оның 10 913-і  дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 41, "Бәріне қарсымын" белгісі бар бюллетеньдер саны - 135.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдикадыров А.М.  –  4352;

Алигулов М.Б.  –  2366;

Жексенбаев К.К. – 4010

          Атамекен ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 15 787 азамат енгізілді, оның 8588-і  дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 55, "Бәріне қарсымын" белгісі бар бюллетеньдер саны - 176.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдыкадиров Ғ.А.  –  2595;

Кайнаров Е.Т.  –  3215;

Кульшиков Б.Т. – 2536

 

Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімі болып Абдикадыров Айдос Мейрамович сайланды.

Абдикадыров Айдос Мейрамович 1984 жылы  туған, Мұнайлы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары, Маңғыстау ауылында  тұрады, "Ақ жол Қазақстанның Демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалымен  ұсынған, қазақ.

Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі әкімі болып Кайнаров Ерлан Торебаевич сайланды.

Кайнаров Ерлан Торебаевич, 1983 жылы  туған, Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі, Маңғыстау  ауылында  тұрады,  «AMANAT» партиясы Мұнайлы аудандық филиалымен ұсынған, қазақ.

 

 

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 августа 2022
Дата обновления
23 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

26 августа 2026
Ақпарат
29 июля 2026
Балық шаруашылығы
Ақпарат
29 июля 2026
Жастар саясаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы