Маңғыстау облысы
Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Форт-Шевченко қаласы №11 19.08.2022 ж.
Түпқараған ауданы Баутин ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 18 қыркүйекке Түпқараған ауданында Баутин ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2. 2022 жылғы 18 қыркүйекке тағайындалған Түпқараған ауданы Баутин ауылы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Түпқараған аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Ақкенже
Түпқараған аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Р.Башенова