Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының

23 шілде 2022 жылғы № 52

қаулысына қосымша

 

2022 жылғы 21 тамызға тағайындалған Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі және Маңғыстау ауылы әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

  1. Ауыл, ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

2022 жылғы 23 шілде

(113-1-б 2,3-т.)

 

  1. Сайлау округінің тізімін, шекарасын және аудандық сайлау

комиссиясының орналасқан жерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2022 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей

(22-б.)

  1. Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2022 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

  1. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2022 жылғы 6 тамыздан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

  1. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Мұнайлы ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей

2022 жылғы 6 тамыздан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

  1. Кандидаттарды ұсыну

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеріс болмаса, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

2022 жылғы 24 шілдеден бастап 2022 жылдың 6 тамызы жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады

(113-3 б. 1,5 т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларда қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

(4-б, 113-5-б. 1- т.2)т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және

оларға тиісті куәліктер беру

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1 тт, 31-б.)

  1. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкімдікке ұсынылған кандидаттарға қолдауға қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде (113-4-б.)

  1. Әкімдікке кандиттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу

Аудандық сайлау комиссиясы паспорт қызметінің қызметкерлерін тарта отырып.

Аумақтық сайлау комиссиясы қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

  1. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

  1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктерін беру

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

  1. жылғы 10 тамыз жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады

(113-5-б.)

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(113-5-б. 9-т.)

  1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

Мұнайлы ауданы әкімдігі және Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2022 жылғы 10 тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де басталады 2022 жылғы 20 тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады

(27-б. 2-т.)

  1. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Мұнайлы ауданы әкімдігі және Мұнайлы аудандық

сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

  1. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

Мұнайлы ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2022 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей

(24-б. 5-т.)

  1. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2022 жылғы 06 тамыздан кешіктірмей

(26 б. 1-т.)

  1. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 10 тамыздан кешіктірмей

(18-б. 5)т, 38- б. 2-т.)

  1. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

  1. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

жергілікті уақытпен сағат 06.00-де

(40 -б. 1-т.)

  1. Дауыс беруді өткізу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

  1. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және тиісті әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8)т, 43-б.)

  1. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

  1. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

  1. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

(113-10-б)

29. Әкімдерді сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

  1. -б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәлік тапсыру

Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде

Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық

заңға, әкім мәртебесімен сәйкес келмейтін өз

мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiш

алынғаннан кейін

(45-б, 46-б. 3-т, 113-11-б.)

 

 

 

 

Жарияланған күні

23 шілде 2022 - 17:59

Жаңарту күні

23 шілде 2022

Түрі