Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы Бейнеу аудандық
сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылдың 9 шілдесі сағат 18:00 де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде саяси партиямен («Amanat» партиясы) 1(33,3%) кандидат, өзін-өзі ұсыну жолымен 2(66,6%) кандидат ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кандидаттарды тіркеу 13 шілде 2022 жылы сағат 18:00-де аяқталады.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша Боранқұл ауылы әкіміне кандидаттыққа 2 адамнан аз емес кандидат ұсынылды.
Кандидаттар шығып қалған немесе балама болмаған жағдайда ( сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі 5 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша тіркелген кандидаттар жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бап 9 тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланады.
Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы