Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы әкіміне кандидаттыққа ұсынылғандар туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылдың 4 шілдесінде Бейнеу аудандық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну жолымен 1(бір) кандидаттан құжаттар келіп түсті. Боранқұл ауылының әкіміне кандидаттыққа Каниев Мейрамгали Молдагалиевич құжаттарын ұсынды. Кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.