Комиссия құрамына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейнеу ауданы бойынша №127 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Боранқұл ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңі барысында мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1) №127 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығарылсын:
Комиссия төрағасы Сиық Айтбай Сиықұлы – өз өтініші бойынша;
1.2) №127 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына енгізілсін:
Комиссия мүшесі етіп Мырзатаева Фариза Орынбасаровна 1988 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, «Боранқұл жалпы білім беретін мектеп» КММ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
1.3) №127 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Шойқараев Айдарбек Асқарұлы комиссия төрағасы болып өзгертілсін;
2. Қаулы учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын;
3. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға А.Келбетов