Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14- бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы әкімін сайлау үшін сайлау округі құрылсын:
- Боранқұл ауылы әкімінің аппараты – Боранқұл сайлау округі Боранқұл ауылының шекараларында;
- Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны көрсетіле отырып, Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде, аудандық «Рауан» газетінде жариялансын.
Төраға А.Келбетов