2022 жылғы 29 мамырда Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы және Болашақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2 сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Қарақия ауданы Жетібай ауылы және Болашақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қарақия аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Жетібай ауылының әкімін сайлауы жөнінде сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылыр тізіміне 7323 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 3800 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетендер саны - 71, «барлығына қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ельбаев.Н.Т. - 3178; Туреханов А.Р. - 484; Шапағат С.А. - 56.
Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылының әкімі болып Ельбаев Нурхат Турланович сайланды, 1974 жылы туған, Маңғыстау облысы Білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық орталығы» МҚКК директорының м.а., Жетібай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, қазақ.
Болашақ ауылдық округінің әкімін сайлауы жөнінде сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылыр тізіміне 186 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 148 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетендер саны - 4, «барлығына қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есенкелдіұлы С. - 12; Омирбаев Е.А. - 9; Сагыев Т.У. - 121.
Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Болашақ ауылдық округінің әкімі болып Сагыев Тузелбай Ургенчбаевич сайланды, 1978 жылы туған, Болашақ ауылдық округінің әкімі, Болашақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, қазақ.
Қарақия аудандық сайлау комиссиясы