Қарақия аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 18 мамыр күні «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы әкіміне өзін-өзі ұсынған 4 (төрт) кандидатты және Болашақ ауылдық округі әкіміне өзін-өзі ұсынған 3 (үш) кандидатты тіркеді:
Жетібай ауылы бойынша
- Ельбаев Нурхат Турланович, 1974 жылы туған, Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық орталығы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының міндетін уақытша атқарушы, Жетібай ауылында тұрады, өзін - өзі ұсыну тәсілімен ұсынған, қазақ.
- Мухашева Айжан Нурлыбаевна, 1978 жылы туған, Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 7 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Мұнайшы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәсілімен ұсынған, қазақ.
- Туреханов Агзам Рзагалиевич, 1968 жылы туған, Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі, Жетібай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәсілімен ұсынған, қазақ.
- Шапағат Сырым Арманұлы, 1994 жылы туған, «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, Құрық ауылында тұрады, өзін - өзі ұсыну тәсілімен ұсынған, қазақ.
Болашақ ауылдық округі бойынша
- Есенкелдіұлы Сыдиық, 1991 жылы туған, «Құрық ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Құрық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәсілмен ұсынған, қазақ.
- Омирбаев Ерлан Амирбайұлы, 1993 жылы туған, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, Құрық ауылында тұрады, өзін - өзі ұсыну тәсілімен ұсынған, қазақ.
- Сагыев Түзелбай Ургенчбаевич, 1978 жылы туған, Болашақ ауылдық округінің әкімі, Болашақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәсілімен ұсынған, қазақ.