3 мамыр 2022 жылы сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Қарақия ауданы Жетібай ауылының әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі бойынша 4 адам және Болашақ ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі бойынша 3 кандидат ұсынылды. Ұсынылған 7 кандидаттың барлығы ( 100%) өзін-өзі ұсыну жолымен.
Орташа бәсекелестік Жетібай ауылының әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі бойынша - 4 адам және Болашақ ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі бойынша - 3 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, тіркеу 18 мамыр 2022 жылы жергілікті сағат 18.00-де аяқталады.
Ағымдағы жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша сайлау округттерінде кемінде екі адам ұсынылды.
Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.