Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 15 мамырға тағайындалған Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Түпқараған аудандық

сайлау комиссиясының

2022 жылғы 16 сәуірдегі

№ 2 қаулысына қосымша

2022-жылғы 15-мамырға тағайындалған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары.

1.Әкім сайлауын тағайындау.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

2022 жылғы 16-сәуір.

(113-1б. 3-т.)

2.Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімі мен шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып жариялау.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей.

2022 жылғы 25-сәуірден кешіктірмей

(22-б.2-т.)

3.Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей.

2022 жылғы 25-сәуірден кешіктірмей.

(13-б. )

4.Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей.

2022 жылғы 30-сәуірден кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5.Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Тиісті әкімдіктер.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей.

2022 жылғы 30-сәуірден кешіктірмей.

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну.

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2022 жылғы 17-сәуірден басталып, 2022 жылғы 30 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

(113-3-б. 1-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

(4-б., 2-тармақшасы, 113-5б. 11-т.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі белгіленген күннен бастап.

(31-б.) 9. Өзін-өзі ұсынған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру .

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Кандидат Қазақстан Республикасының Конституциясында және конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде.

(113-4 б.)

10.Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу.

Паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып, аудандық сайлау комиссиясы.

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде өткізіледі.

(113-4-б. 7-т.)

11. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджетте заңмен белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әр ұсынған кандидатқа).

Кандидатты тіркеуден бұрын.

(113-5 б. 2 т.)

12. Мемлекеттік кірістер органдарына тұрғылықты жері бойынша ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы (2022 жылғы 01-сәуірге) декларацияны ұсыну.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

Кандидат тіркелгенге дейін.

(113-5 б. 3 т.)

13. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Мемлекеттік кірістер органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

(113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2022 жылғы 17 сәуірде басталып, 2022 жылғы 04 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

(14-б. 8-тармақшасы, 113-5 б.)

15.Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

(113-5 б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру.

Жергілікті атқарушы органдар және Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Үгіт басталғанға дейін.

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2022 жылғы 04-мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де басталып, 2022 жылғы 14-мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады.

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесуі кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша сайлау комиссиясына ұсыну.

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын.

2022 жылғы 25-сәуірден кешіктірмей.

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда.

2022 жылғы 30-сәуірден кешіктірмей.

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын.

2022 жылғы 05-мамырдан кешіктірмей.

(18-б. 5-тармақшасы, 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлауға ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын.

2022 жылғы 12-мамырдан ерте емес және 2022 жылғы 14-мамырдан кешіктірмей.

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.

2022 жылғы 15-мамыр, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де.

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

2022 жылғы 15-мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.

(38-б. 1-т.)

25. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

2022 жылғы 15-мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ден басталады.

( 18-б. 8-тармақшасы, 43 б.)

26.Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың назарына ұсыну үшін сайлау учаскесінің үй-жайларына арнайы белгіленген орынға ілу.

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін, дереу.

( 43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну.

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін, дереу.

(113-8 б. 1 т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей.

2022 жылғы 18-мамырдан кешіктірмей.

(113-10 б.)

29. Әкімдер сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей.

2022 жылғы 19-мамырдан кешіктірмей.

(44 б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру.

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде.

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзімде Конституциямен және сайлау туралы Конституциялық заңдарға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерін өздерінен алу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2022-жылғы 21-мамырдан кешіктірмей.

(45 б., 46-б.3-т., 113-11б. 1-т)

Дата публикации
20 апреля 2022
Дата обновления
20 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

26 августа 2026
Ақпарат
29 июля 2026
Балық шаруашылығы
Ақпарат
29 июля 2026
Жастар саясаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы