Меню

Страницы

Статья

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының әкімінің сайлауын тағайындау туралы.

Маңғыстау облысы

Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Форт-Шевченко қаласы № 2 16.04.2022 ж.

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының әкімінің сайлауын тағайындау туралы.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Түпқараған аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2022 жылғы 15 мамырға Түпқараған ауданында Форт-Шевченко қаласы әкімінің сайлауы тағайындалсын.

2. 2022 жылғы 15 мамырға тағайындалған Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Түпқараған аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы Б.Ақкенже

Түпқараған аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы Р.Башенова

Дата публикации
16 апреля 2022
Дата обновления
16 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

26 августа 2026
Ақпарат
29 июля 2026
Балық шаруашылығы
Ақпарат
29 июля 2026
Жастар саясаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы