Ү.ж. 23-24 наурыз аралығында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болады.
Жұмыс сапары шеңберінде Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің келесі кездесулері жоспарланып отыр:
1) ү.ж. 24 наурызда сағат 10:00-де Маңғыстау облысының қоғам жұртшылығының өкілдерімен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесуі өтеді.
Кездесудің өтетін орны: Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, Ақтау қ., 34 шағын аудан, 9.
2) ү.ж. 24 наурызда сағат 15:00-де Маңғыстау облысының жастарымен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесуі өтеді.
Кездесудің өтетін орны: Yessenov University бас ғимараты, мәжіліс зал, 2 қабат, Ақтау қ., 32 шағын аудан.
Аталған іс-шараларға БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылғы 23 наурыз сағат 19:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) +7 778 020 27 77;
+7 (7292) 43 52 35 телефондары арқылы жүргізіледі.
ҚР Орталық сайлау
комиссиясының
Баспасөз қызметі
v.zheksembekova@election.gov.kz