ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 6 наурызға белгіленген Бейнеу ауданының Төлеп ауылы
әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру және кандидаттардың сайлаушылармен (таңдаушылармен) сайлауалды кездесуін өткізудің мәселелері туралы
Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №94 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысымен кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындары:
Төлеп ауылы бойынша - Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы ғимаратының жанында
Бұл орындар қажетті мөлшерде стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылған.
Сонымен қатар аудан әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №95 «Кандидаттарға сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» қаулысымен кандидаттарға таңдаушылармен кездесу үшін үй-жайы:
Төлеп ауылы бойынша - Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы
Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы