Комиссия құрамына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейнеу ауданы бойынша №135 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына Төлеп ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңі барысында мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) №135 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығарылсын:
Сатканова Бактыгүл Дүйсенбайқызы – өз өтініші бойынша;
1.2) №135 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына енгізілсін:
Бурашова Жупар Исламгалиевна 1987 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, «Бейнеумәдениет» МКҚК Төлеп ауылдық клубы, меңгеруші;
2. Қаулы учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын;
3. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға А.Келбетов
Хатшы Г.Қалданова