Меню

Страницы

Статья

2022 жылға тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн сайлауда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердiң әкiмдерiне үміткерлердің республикалық бюджеттен қамтылатын шығындарының мөлшерiн белгiлеу туралы

 

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының  21.01.2022 жылғы

 

№ 2275

Қаулысы

 

 

 

 

 

 

 

2022 жылға тағайындалатын аудандық маңызы

бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер

әкiмдерiн сайлауда аудандық маңызы бар

қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық

округтердiң әкiмдерiне үміткерлердің республикалық бюджеттен қамтылатын шығындарының мөлшерiн белгiлеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 33-бабының 1-1, 2-1 тармақтарына сәйкес Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiне үміткердің республикалық бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын шығындарының мөлшерi 1-3 қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.

Үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынуда мемлекеттен бөлінген қаражат шегінде баспа немесе интернет-басылымдардағы, теле-радиоарналардағы жарияланымдар көлемін  өздері жеке бөледі.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-бетшесінде жариялансын.

 

 

Облыстық сайлау 

комиссиясының Төрағасы                                       А. Рзаханов

        

                                              

Облыстық сайлау 

комиссиясының Хатшысы                                               Г. Арзыгулова

 

 

 

 

21.01.2022 жылғы

№ 2275

шешімге

1-қосымша

 

 

Халық саны 2000 адамға дейін дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бойынша аудандық маңызы бар

қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық

округтердiң әкiмдерiне үміткерлердің республикалық бюджеттен қамтылатын шығындарының мөлшерi

 

 

  1. мерзімді баспа басылымдарында немесе интернет-басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
  2. теледидарда бағдарламамен сөз сөйлеу (тікелей эфирде немесе жазылған) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
  3. радиода 10 минуттық бағдарламамен сөз сөйлеу – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
  4. үгіт материалдарын шығару – 45 000 (қырық бес мың) теңге мөлшерінде;
  5. үй-жайды жалға алу – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
  6. жол жүру шығындары – 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.

 

Барлығы: 200,0 мың теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21.01.2022 жылғы

№ 2275

шешімге

2-қосымша

 

 

Халық саны 2000-нан 5000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бойынша аудандық маңызы бар

қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық

округтердiң әкiмдерiне үміткерлердің республикалық бюджеттен қамтылатын шығындарының мөлшерi

 

 

  1. мерзімді баспа басылымдарында немесе интернет-басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
  2. теледидарда бағдарламамен сөз сөйлеу (тікелей эфирде немесе жазылған) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
  3. радиода 10 минуттық бағдарламамен сөз сөйлеу – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
  4. үгіт материалдарын шығару – 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
  5. үй-жайды жалға алу – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
  6. жол жүру шығындары – 35 000 (отыз бес мың) теңге мөлшерінде.

 

Барлығы: 220,0 мың теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21.01.2022 жылғы

№ 2275

шешімге

    3-қосымша

 

Халық саны 5000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бойынша аудандық маңызы бар

қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық

округтердiң әкiмдерiне үміткерлердің республикалық бюджеттен қамтылатын шығындарының мөлшерi

 

 

  1. мерзімді баспа басылымдарында немесе интернет-басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
  2. теледидарда бағдарламамен сөз сөйлеу (тікелей эфирде немесе жазылған) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
  3. радиода 10 минуттық бағдарламамен сөз сөйлеу – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;
  4. үгіт материалдарын шығару – 70 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;
  5. үй-жайды жалға алу – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
  6. жол жүру шығындары – 55 000 (елу бес мың) теңге мөлшерінде.

 

Барлығы: 250,0 мың теңге.

 

Дата публикации
21 января 2022
Дата обновления
07 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

26 августа 2026
Ақпарат
29 июля 2026
Балық шаруашылығы
Ақпарат
29 июля 2026
Жастар саясаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы