23 қазан 2021 жылы сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі бойынша барлығы 5 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1-уі (20%) - «Nur Otan» партиясы», 1-уі (20%) - «Қазақстан Халық партиясы», 1-уі (20%) - «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестіктерінен, 2-уі ( 40%) - өзін-өзі ұсыну жолымен.
Орташа бәсекелестік 5 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, тіркеу 28 қазан 2021 жылы сағат 18.00-де аяқталады.
Ағымдағы жылғы 23 қазандағы жағдай бойынша округте кемінде екі адам ұсынылды.
Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.
23 қазандағы жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (60%).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.