Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Кендірлі ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Жаңаөзен қалалық сайлау

комиссиясының

9 қазан 2021 жылғы

№ 19 қаулысына қосымша

2021 жылғы 7 қарашаға тағайындалған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

Кендірлі ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

  1. Ауыл әкімінің сайлауын тағайындау;

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

2021 жыл 09 қазан

(ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңы 113-1 бабы, 3-т.)

  1. Қалалық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2021 жылғы 19 қазаннан кешіктірмей

(ҚР КЗ 22-бап)

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында қалалық сайлау комиссиясының құрамын жариялау;

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2021 жылғы 19 қазаннан кешіктірмей

(ҚР КЗ 13-бап, 4-т)

  1. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2021 жылғы 24 қазаннан кешіктірмей

(ҚР КЗ 17-бап)

  1. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

Жаңаөзен қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей

2021 жылғы 24 қазаннан кешіктірмей

(ҚР КЗ 23-бап)

  1. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну;

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеріс болмаса, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он төрт күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

2021 жылғы 10 қазаннан бастап 2021 жылдың 23 қазанда жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады

(ҚР КЗ 113-3бап, 1,5 т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау;

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

(ҚР КЗ 4-бап, 2т,113-5бап, 11т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру;

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(ҚР КЗ 14-бап, 8-1т, 31 бап)

  1. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдауға қол жинау үшін қол қою парағын беру;

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін 3 күн мерзімде жүзеге асырылады

(ҚР КЗ 113-4-бап)

  1. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттамаларды рәсімдеу;

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қалалық сайлау комиссиясына қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін 3 күн мерзімде (ҚР КЗ 113-4бап,7-т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу;

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар

Кандидатты тіркеуге дейін

(ҚР КЗ113-5бап,2-т.)

  1. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну;

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркеуге дейін

(ҚР КЗ 113-5бап,3-т.)

  1. Кандидат пен оның жұбайы(зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап 5 күн ішінде (ҚР КЗ 113-5бап,3-т.)

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктерін беру;

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжатты алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 10 күн бұрын жергілікті уақытпен 18:00 аяқталады

2021 жылғы 28 қазанда жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады

(ҚР КЗ 113-5бап.)

  1. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына кандидаттардың тіркелгені туралы хабарды жариялау

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

(ҚР КЗ 113-5бап, 9-т.)

 

  1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

Жаңаөзен қалалық әкімдігі және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(ҚР КЗ 28 бап, 6-т)

  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2021 жылғы 28 қазан 18:00 де басталады 2021 жылғы 6 қараша 00:00-де аяқталады

(ҚР КЗ 27бап, 2-т.)

 

  1. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жаңаөзен қалалық әкімдігі және Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(ҚР КЗ 28бап, 4-т.)

 

  1. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

Жаңаөзен қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2021 жылғы 17 қазаннан кешіктірмей

(ҚР КЗ 24бап, 5-т.)

  1. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2021 жылғы 22 қазан кешіктірмей

(ҚР КЗ 26 бап,1-т.)

  1. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты, күні мен орны туралы хабардар ету

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 27 қазан кешіктірмей

(ҚР КЗ 18 бап,5-т, 38 бап, 2-т.)

  1. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2021 жылғы 4 қарашадан ерте емес, 2021 жылғы 6 қарашадан кешіктірмей

(ҚР КЗ 37 бап, 3-т.)

  1. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2021 жылғы 7 қарашада жергілікті уақытпен сағат 6:00

(ҚР КЗ 40 бап, 1-т.)

  1. Дауыс беруді өткізу

Учаскелік сайлау комиссиялары

2021 жылғы 7 қарашада жергілікті уақытпен сағат 7:00 ден 20:00 ге дейін

(ҚР КЗ 38бап, 1-т.)

  1. Сайлау учаскесінде әкімдерді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

Учаскелік сайлау комиссиялары

2021 жылғы 7 қарашада жергілікті уақытпен сағат 20:00 де басталады

(ҚР КЗ 18 бап,8-т., 43 бап)

  1. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(ҚР КЗ 48бап, 8-т.)

 

  1. Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(ҚР КЗ 113-8бап,1-т.)

  1. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткеннен кейін үш күннен кешіктірмей

2021 жылғы 10 қарашадан кешіктірмей

(ҚР КЗ 113-10бап)

 

  1. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2021 жылғы 10 қарашадан кешіктірмей

(ҚР КЗ 44бап)

  1. Сайланған әкімдерді тіркеу және тиісті куәліктерін тапсыру

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап 7 күн ішінде

2021 жылдың 13 қарашадан кешіктірмей

(ҚР КЗ 43бап, 46 бап 3-т., 113-11б.)

Дата публикации
12 октября 2021
Дата обновления
12 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

26 августа 2026
Ақпарат
29 июля 2026
Балық шаруашылығы
Ақпарат
29 июля 2026
Жастар саясаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы