Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы облыс аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын мемлекеттік орган. Басқарма өңір жастарының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, олардың білімді, бәсекеге қабілетті және белсенді азамат ретінде қалыптасуына жағдай жасауды басты мақсат ретінде белгіледі.
Міндеттері:
- Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша ақпараттық насихаттау және түсіндіру жұмысын үйлестіру;
- Жастарды әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси өмірге тарту;
- Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясаты бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
- Жастар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, лудоманияның және басқа да әлеуметтік келеңсіз құбылыстардың алдын алу;
- Жастардың шығармашылық, интеллектуалдық, мәдени, спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық жобаларды іске асыру арқылы жастар бастамаларын қолдау;
- Жастар ресурстық орталықтарының қызметін үйлестіру.