Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

         

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Басқармаға қарасты ветеринарлық мекемелердің материалдық техникалық жағдайларын жақсарту мақсатында компьютер сатып алуға 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражаттың қате жоспарлануына байланысты, сатып алынған мүлік үшін қаражат төлеу мүмкіндігі болмаған. Жіберілген қателікті жөндеу үшін қаражат 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасына ауыстырылды, алайда келісім шартты қазынашылық органдарында тіркеу мүмкіндігі болмағандықтан, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 4,3 млн. теңге көлемінде кредиторлық берешек пайда болды.

Жауапты мамандармен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Хаттама

 

2024 жылғы 30 тамыз

2

255 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылы - «Қарағантүбек» ЖШС тозған (құрғақ) жайылымдарын қалпына келтіру және  көпжылдық бұршақ дақылдарымен дәнді дақылдарды өсіру» жобасы конкурстық комиссия шешімімен қаржыландырылған болатын. Алайда, 2020 жылы пандемия салдарынан жобаны іске асыру уақыты бірнеше рет кейінге шегерілген. Кейін,    3-ші тарап «Қарағантүбек» ЖШС қожалығы аталған жобаны өз аумағында енгізуге қарсылық білдірген.

Басқарма 2021 жылдың қазан айында облыстық экономикалық сотына талап арыз түсіріп, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 25.01.2022 жылғы № 4712-21-00-2/2017 «Агророст» ҚБ жіберілген 6,0 млн теңгені бюджетке кері қайтару туралы шешім шығарылды және 01.03.2022 жылдан бастап толық күшіне енді.

Алайда, 29.03.2023 жылы Маңғыстау облысының әділет департаментінің «Ақтау аумақтық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімі» филиалының № 07-01-05/370-И «Атқарушылық құжатын өндіріп алушыға қайтару туралы» қаулысына сәйкес «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі ҚР Заңының 48,49 баптарын басшылыққа ала отырып, «мүлкін тәркілеу туралы атқарушылық құжатты қоспағанда, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермеуіне байланысты» атқарушылық іс жүргізу аяқталды деп көрсеткен. Яғни, бүгінгі күнге дейін, 6,0 млн теңге бюджет қаражаты кері қайтарылмады.

«Агророст» ҚБ жіберілген 6,0 млн теңгені бюджетке кері қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізу

Ақпарат

 

2024 жылғы желтоқсан

 

Дата публикации
09 сентября 2024
Дата обновления
09 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

26 августа 2026
Ақпарат
29 июля 2026
Балық шаруашылығы
Ақпарат
29 июля 2026
Жастар саясаты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы