Меню

Страницы

Статья

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы

         

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

ӘҚБтК-тің 94-бабында жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы – ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады деп көрсетілген.

Бұл ретте, аталған баптың санкциясында ескерту жасауға немесе белгілі бір мөлшерде әкімшілік айыппұл салу қарастырылғанына байланысты мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан әкімшілік жаза түрін белгілеу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін жасау мүмкіндігі ықтимал.

ӘҚБтК-тің 94-бабы бойынша санкциясына өзгеріс енгізу жөнінде  ұсыныс беруді қарастыру;

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қыркүйек

2

Еңбек Кодексінің 193-бабының 12-тармағына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысу құқығы көзделген.

Сондай-ақ, Кодекстің 182 бабы 2т. 3)тт. сәйкес жұмыс берушінің актісімен бекітілген тізімге сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен, кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда үш жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және білімін тексеруді жұмыс беруші ұйымдастыруға міндеттілігі көзделген;

Көрсетілген нормалар сыбайлас жемқорлық жағдайларын жасауға мүмкіндік береді, яғни мемлекеттік еңбек инспекторларының осы бағыттар бойынша оқытуды жүргізетін бақылаудағы субъектілермен және ұйымдармен байланысы жоққа шығарылмайды.

ҚР ЕК-нің 192-бабының 12-тармағының нормасынан мемлекеттік инспектордың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеруге, жазатайым оқиғаларды тергеу мерзімдерін түсіндіруге қатысу құқығын алып тастау мәселесіне ұсыныс беру

Хат

Уәкілетті мемлекеттік органға ұсыныс хат жолдау

2024 жылғы қыркүйек

3

Үлкен жұмыс көлемі, Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысының шамадан тыс жүктелуі (тексерулер, тергеулер, еңбек даулары, ереуілдер, соттарға қатысу және т.б.), кадрлардың жетіспеушілігі (бос орындар, демалыс, еңбекке жарамсыздық) түпкілікті нәтижеде олар орындайтын жұмыстың сапасына әсер етеді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысының сипаты мен көлемін ескере отырып, қызметкердің тәртіптік жауапкершілігін қарау кезінде жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, алдыңғы мінез-құлықты, еңбекке деген көзқарасты бағалау.

Ақпарат

 

2024 жылғы қыркүйек

 

Дата публикации
09 сентября 2024
Дата обновления
09 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
26 августа 2026
Ақпарат
29 июля 2026
Балық шаруашылығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы