СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысының 39 тармағына сәйкес «Конкурстық комиссия мүшелері мәлімдеген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды» Жобаны қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды»,- делінген. Алайда, конкурстық комиссияда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі сақталмағаны анықталды. Кәсіпкерлермен өтінім құжаттары 15-28 маусым аралығында қабылданған. Басқармамен конкурстық комиссияда кәсіпкерлермен өтінімдер жобалары 6.07.- 9.07.2023 жыл аралығында қорғалған. Жоба қорғаған күннен бастап конкурстық комиссия 5 жұмыс күн ішінде электрондық хаттамаға қол қою тиіс. Комиссия отырысында 06.07.2022 жылы қаралып, комиссия мүшелерімен 3 жұмыс күнге кешіктіріліп, 12.07.2022 жылы қол қойылған. Осындай бұзушылықтар саны 53 өтінімде көрсетілген. |
«Мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу барысында конкурстық комиссия мүшелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізу |
Хаттама |
|
Жыл ішінде |
|
2 |
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларының «2-параграф. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі 39. Өңірлік үйлестіруші веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижесі бойынша: 1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді; делінген. Алайда, өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігі және 53 жеңімпаз кәсіпкерлердің арасында келісімшарттар 24 жұмыс күніне кешіктіріліп жасалған. |
Мемлекеттік қызмет беруші қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқу курстарына жолдансын және/немесе жоғары тұрған органдардан тағылымдамадан өткізу |
Анықтамалық ақпарат |
|
Жыл ішінде |
|
3 |
2023 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарына 56212591 лоты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы персонал/қызметкерлерді оқыту қызметі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 39-баптың 3-тармағы 45 тармақшасы негізінде «көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған мемлекеттік сатып алулар Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына оны нақтылау кезінде енгізілген кезде көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу» тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу» 113 850,0 теңге сомасына тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен қызмет берушіге келісімгарт жолданған. Алайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 18.05.2023 жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламасына сәйкес «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабы 4 тармағы 1 тармақшасына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 41 бабы 1 тармақшасы негізінде «Осы Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайларда жүзеге асырылады» осы баптың 5 тармағында «Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаты сақтала отырып жүзеге асырылады» делінген. Осы Заңның 4 бабында «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру: 1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; 2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; 3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу; 4) мемлекеттік сатып алу процесінің, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтары сақтала отырып (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін), ашықтығы мен айқындығы; 5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету; 6) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі; 7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу; 8) инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 9) сатып алынатын тауарлар құрамындағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау қағидаттарына негізделеді». Осы заңның 41 бабы 3 тармағында «Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған нысан бойынша, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті орналастыруға міндетті. Есепте мыналар қамтылуға тиіс: 1) мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған лауазымды адам туралы мәліметтер; 2) осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемесі; 3) өнім берушіні таңдау негіздемесі; 4) мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт бағасының негіздемесі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өзге де талаптары»делінген. 2023 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарына 56212591 лотын зерделей отырып, тапсырыс беруші аталған лотты сатып алу кезінде негіздеме файлына Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңын негізге алған. Бұл осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмауы себептерінің негіздемесіне сәйкес келмейді. Осы себепті жоғарыда аталған лотты мемлекеттік сатып алу заң бұзушылық тәуекеліне әкеледі. |
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жыл сайынғы өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік сатып алу қызметімен айналысатын маманға заң бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізсін, біліктілігін арттыру бойынша оқу курстарына жолдау |
Анықтамалық ақпарат |
|
Жыл ішінде |