Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарында 2025 жылдың 4 желтоқсан күні онлайн форматтағы Ашық есік күні өткізілді. Бұл жолы қандай да бір нақты тақырып болған жоқ – Қор мамандары жиналған жұрттың барлық сауалдарына толыққанды жауап берді.