"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы активтерін инвестициялаумен Ұлттық банк (ҚРҰБ) айналысатынын еске салады. Ол Үкімет бекіткен инвестициялық декларацияға сәйкес зейнетақы жинақтарынәр түрлі қаржы құралдарына салатын сенімді басқарушы ретінде әрекет етеді. Зейнетақы активтерін басқаруға ҚРҰБ-тан басқа инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) қатыса алады, оларға жинақтардың бір бөлігін аударуға мүмкіндік бар. ИПБ-ның басқаруына аударуды тек "БЖЗҚ" АҚ порталы арқылы жасауға болады, бұл үшін ешқандай делдал қажет емес.