Ағымдағы жылдың 20-21 қарашасында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ, Қор) халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, жеке зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін онлайн-курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі облыстарынан 100-ден астам журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА "БЖЗҚ" АҚ "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша қаржы журналистикасы мектебі"атты онлайн-семинар өткізді
Дата публикации
28 октября 2025