Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының
облыс аумағындағы қала, аудандар аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларымен семинар –кеңесі
2020 жылдың 13-14 қараша күндері Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы облыс аумағындағы қала, аудандар аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларымен семинар –кеңес өткізілді.
Семинар -кеңеске облыстық сайлау комиссиясының мүшелері және қала, аудандар сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаның орынбасарлары, хатшылары қатысты.
Семинар- кеңесті Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.К.Рзаханов ашып, жүргізді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 439 Жарлығының негізінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалдығына байланысты, кезекті сайлау науқанын сайлауын әзірлеу мен өткізу бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары И.Сағынбаев -
«2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған кезекті сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну және олардың сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру тәртібі» туралы ақпарат берді.
«Құжаттар толтыру және есеп беруді ұйымдастыру» мәселелері жөнінде облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Арзыгулова мәлімет берді. Сонымен қатар, сенім білдірілген адамдарды тіркеу, сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру және дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы ақпараттар түсіндірілді.
Семинар-кеңесте соңында қала, аудандар сайлау комиссияларының қызметкерлері өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.