Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысы
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 12-бабының 1) тармақшасына және 34-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 09.12.2014 № 23-251 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
|
Қазақстан Республикасы |
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Арнаулы уақытша шотты ашу тәртібі
Банктік шоттың шарты Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10, 14, 22-тармақтарымен айқындалған мәліметтерді қамтиды.
1) Ортсайлауком - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат (кандидаттар), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат (кандидаттар) туралы;
3) тиісті аумақтық сайлау комиссиялары - мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы, сондай-ақ әкімдікке кандидаттар туралы мәліметтерді олар тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкке немесе оның филиалына береді.
Осы тармақтың ақпаратын ұсыну кезінде кандидаттың, саяси партияның арнаулы шотына, соның ішінде түсім көздері бойынша, сондай-ақ келіп түсуі мүмкін қаражаттың шекті мөлшерлері көрсетіледі:
кандидаттар туралы - тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), олардың тіркелген күні;
саяси партиялар туралы - атауы, тіркелген күні.
1) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он екі мың еседен артық аспайтын кандидаттың өз қаражаты және кандидатқа өзін ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік бөлген қаражат;
2) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспайтын Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспайтын кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспайтын жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
1) саяси партияның жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен бір мың еседен аспайтын меншікті қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының занамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен екі мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
1) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен артық аспайтын кандидаттың өз қаражатынан;
2) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен артық аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары құрайды.
Екінші деңгейдегі банкте арнаулы шотты ашу үшін кандидат өтініште мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде);
2) оның туылған күні;
3) жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) көрсете отырып, кандидаттың жеке басын куәландыратын құжат деректері;
4) кандидаттың тұрғылықты жерінің мекенжайы, оның байланыс деректері және электрондық мекенжайы;
5) арнаулы шотты ашу қажет болып табылатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;
6) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
1) саяси партияның толық атауы;
2) саяси партияның арнаулы шотына иелік етуге уәкілетті адамдардың тегі, аты, және әкесінің аты (болған кезде), олардың байланыс деректері мен электрондық мекенжайлары;
3) заңды мекенжайы;
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетілген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат және банк деректемелері;
5) арнаулы шотты ашу қажет болатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;
6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
1) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде);
2) оның туылған күні;
3) ЖСН көрсетілген, кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
4) кандидаттың тұрғылықты жерінің мекенжайы, оның байланыс деректері және электрондық мекенжайы;
5) арнаулы шотты ашу қажет болатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;
6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
3-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын жұмсау тәртібі
Партиялық тізімін ұсынған саяси партияның сайлау қоры қаражатын пайдалануға байланысты қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою құқығы саяси партияның басшысына немесе саяси партияның немесе оның филиалының (өкілдігінің) басшы органының шешімімен уәкілетті адамға беріледі.
1) тiркелген кез келген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария пiкiрталастар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, әкімдікке, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткiзуге;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға;
4) заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты қызметтерiне ақы төлеуге;
5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, әкімдікке, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлау алдындағы үгiтпен байланысты көлiк және iссапар шығындарын жабуға;
6) сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi және жалауларды, жалаушаларды және, өзге де белгiлер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындауға арналған шығындарды төлеуге құқылы.
4-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын пайдалану туралы есеп
Бұл орайда банк куәландырған арнаулы шотты ашу туралы хабарлама көшiрмесi табыс етiледi.
Екінші деңгейдегі банктер тиісті сайлау комиссиясына арнаулы шоттарға қаражаттың түсуі және оның жұмсалуы туралы апта сайын есеп береді. Тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәліметтер жиырма төрт сағаттың ішінде беріледі.
Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiмдер бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары;
мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссиялары жариялайды.
Кандидаттардың қайта дауыс беруді өткізу кезінде өздеріне қатысты қайта дауыс беру өткiзiлетiн арнаулы шоттар бойынша қаржы операцияларын қайта дауыс беру күні тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған күннен бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Конституциялық заңмен белгiленген шектерден acа алмайды.
|
|
Арнаулы уақытша шот ашу және |
|
|
Нысан |
Сайлау қорларына қаражаттың түскені туралы есеп
|
Р/с |
Түскен күні |
Сомасы (теңгемен) |
Түсім көзі |
Түскенін растайтын құжаттар |
Төлем мақсаты |
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Төлем мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.
Қолдар:
Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
|
|
Арнаулы уақытша шот ашу және |
|
|
Нысан |
Жарналар белгіленген шекті мөлшерлерден асып кеткен, кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізім қайтарылып алынған немесе кандидатты, партиялық тізімді ұсыну немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда қаражатты қайтару туралы есеп
|
Р/с |
Түскен күні және сомасы (теңгемен) |
Түсім көзі |
Төлем мақсаты |
Қаражаттың банкке түскенін растайтын құжат |
Қаражаттың қайтарылған күні және олардың қайтарылғанын растайтын құжат |
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы тиісті сайлау комиссиясына енгізілген ақшалай қаражаттың дереу қайтарылу шамасына қарай береді.
Төлем мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.
Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
|
|
Арнаулы уақытша шот ашу және |
|
|
Нысан |
Сайлау қоры қаражатының жұмсалуы туралы есеп
|
Р/с |
Күні |
Сомасы (теңгемен) |
Төлем мақсаты |
Қаражат жұмсалған іс-шаралар |
Қаражаттың жұмсалғандығын растайтын құжаттар (төлем құжатының нөмірі мен күні) |
Ескертпе: екінші деңгейдегі банк тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Төлем мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.
Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
|
|
Арнаулы уақытша шот ашу және |
|
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есебі
Ескертпе: Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттар, саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі бес күннен кешіктірмей, екінші деңгейдегі банк растаған арнаулы шоттың көшірмесімен бірге ұсынады.
Есеп расталды:
Екінші деңгейдегі банк басшысының қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, әкімдікке кандидаттың қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Партия басшысының немесе партияның ұжымдық органы уәкілеттік берген адамның қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.