Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 21 қазандағы № 29/333
қаулысына қосымша
2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалған,
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну |
||
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Сайлау күнінен бір ай бұрын басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда сағат он сегізде аяқталады 2020 жылғы 11 желтоқсанда басталады және 2020 жылғы 21 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады (87-б. 5-т.)
|
|
|
2. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы шешімін азаматтардың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініштерімен бірге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну |
||
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі 2020 жылғы 11 желтоқсанда басталады және 2020 жылғы 21 желтоқсанда аяқталады (87-б. 4-т.)
|
|
|
3. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
||
|
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кандидаттарды ұсыну туралы шешімі ұсынылғаннан кейін басталады (86-б.)
|
|
|
4. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша табысы және мүлкі туралы декларацияларды тапсыру |
||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (89-б. 2-т.) |
|
|
5. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
||
|
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлаудан жиырма күн бұрын басталып, оған он бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады 2020 жылғы 21 желтоқсанда басталады және 2020 жылғы 26 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (89-б. 8-т.)
|
|
|
6. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін үшінші күннен кешіктірмей (89-б. 6-т. 2) т.)
|
|
|
7. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған кірістері және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
||
|
|
Мемлекеттік кіріс қызметі органдары Кандидат тіркелген күннен бастап үш күннің ішінде (89-б. 2-т.)
|
|
|
8. Сайлау алдындағы үгіт |
||
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күнінің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2020 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18.00 басталады және жергілікті уақыт бойынша 2021 жылғы 10 қаңтарда нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
|
9. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар ету |
||
|
|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін (93-1-б. 2-т.)
|
|
|
10. Дауыс беру пунктін ашу және дауыс беру пунктін ашу туралы хаттама жасау
|
||
|
|
Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың аумақтық сайлау комиссиясы Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын (40-б., 93-1-б. 3-т.)
|
|
|
11. Дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау |
||
|
|
Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау күні (43-б., 94-1-б.) |
|
|
|
|
|
|
12. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн дауыс беру пунктінде жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
||
|
|
Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың аумақтық сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін - дереу (43-б. 8-т., 94-1-б. 3-т.)
|
|
|
13. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін Қазақстан халқы Ассамблеясының Сессиясында жария ету |
||
|
|
Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың аумақтық сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін (93-1-б. 5-т., 94-1-б. 2-т.)
|
|
|
14. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсыру |
||
|
|
Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау күнінен бастап екі күндік мерзімнен асырмай 2021 жылғы 13 қаңтардан кешіктірмей (94-1-б. 2-т.)
|
|
|
15. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау |
||
|
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау өткен күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей 2021 жылғы 18 қаңтардан кешіктірмей (12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 97-б.)
|
|
|
16. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
||
|
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Сайлау өткен күннен бастап он күннен кешіктірмей 2021 жылғы 21 қаңтардан кешіктірмей (12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.)
|
|
|
17. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру |
||
|
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (12-б. 10) т., 45-б., 46-б. 2-т., 98-б.) |
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.