2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы
өтініштермен жұмыстың қорытындысы туралы
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібіне сәйкес, олардың орындалуына бақылау жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бойынша 26 862 өтініш тіркелді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың есептік кезеңімен (2024 жылдың 6 айында – 20 857 өтініш) салыстырғанда 28,8%-ға пайызға артқан
Өтініштердің сипаты бойынша: жеке тұлғалардан – 20 010; заңды тұлғалардан – 6852.
Түсу арналары бойынша: электронды түрде – 19 992; қағаз жеткізгіште – 6757; почта арқылы – 101; жеке қабылдау арқылы – 12 өтініш келіп түскен.
Өтініштер мазмұнына талдау жүргізу нәтижесінде топ-3 сала бойынша көтерілген мәселелер келесідей:
Аталған бағыттар бойынша аудан, қала әкімдіктеріне азаматтардың өтініштерін сапалы әрі мерзімінде қарау жөнінде тапсырмалар берілді.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына жоғарғы мемлекеттік органдардан 36 тапсырма келіп түсті, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігі – 12; ҚР Үкіметі Аппараты – 7; ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі – 1; ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 8; ҚР Энергетика министрлігі – 2; ҚР Парламенті Сенаты – 1; Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық – 2; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті – 2.
Барлық тапсырмалар белгіленген мерзімде орындалды, мерзім бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қазіргі таңда 5 тапсырманың орындалуы жалғасуда, олардың нақты аяқталу мерзімдері белгіленген.
ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТӘРТІП МОНИТОРИНГІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында келіп түскен 26 862 өтініштің қорытындысы бойынша 47 өтінішке қатысты бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда: 46 өтініш құзыретті органдарға белгіленген мерзімінен кеш жолданған (2024 жылдың 6 айында – 165);
1 өтініш қарау барысында мерзім бұзушылық орын алған (2024 жылдың 6 айында – 24).
Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімдік тарапынан тиісті қызметтік жазбалар енгізіліп, жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпараттық жүйені жетілдіру жұмыстары.
Азаматтарға мемлекеттік қызметтер туралы өзекті және түсінікті ақпарат ұсыну мақсатында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің Бірыңғай білім базасына барлығы 87 сұрақ пен жауап енгізілді. Жұмыстар толық көлемде аяқталды.
Өтініштермен жұмыс жүргізу барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды болдырмау, Кодекс талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, орындаушылық тәртіпті күшейту бағытындағы шаралар қатаң бақылауға алынды.
Облыс аумағындағы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен жолданымдардың орындалуы тұрақты бақылауда.
Облыс көлемінде жоспарлы және кезектен тыс жеке қабылдауларды өткізуді ұйымдастыру бойынша
АҚПАРАТ
2025 жылдың 1-жартыжылдығының көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысының әкімі 16 қабылдау өткізіп, жалпы саны 290 азаматты жеке қабылдады (қаңтар айында 4 қабылдау – 68 азамат, ақпан айында 2 қабылдау – 58 азамат, наурыз айында 3 қабылдау – 19 азамат, сәуір айында 2 қабылдау (ұжымдық) – 22 азамат, мамыр айында 2 қабылдау - 75 азамат, маусым айында 3 қабылдау – 48 азамат).
Облыс әкімінің орынбасарлары тарапынан 77 қабылдау өткізіліп, 962 азаматтың мәселесі тыңдалды (облыс әкімінің бірінші орынбасары Е. Ізбергенов 8 қабылдауда – 174 азамат; облыс әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы 31 қабылдауда – 446 азамат; облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаев 29 қабылдауда – 250 азамат, облыс әкімінің орынбасары А.Қаныбеков 5 қабылдауда - 83 азамат, облыс әкімінің орынбасары Т. Әбішев 4 қабылдау өткізіп, 9 азамат қабылдады).
Облыс әкімі аппаратының басшысы 1 қабылдау өткізіп, 3 азамат қабылдады.
2025 жылдың 1-жартыжылдығында Маңғыстау облысы әкімдігінің Азаматтарды қабылдау орталығына 2 788 азамат жүгінді. Олардың 1 255-і облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысымен қабылданды.
Қала және аудандарда орналасқан Азаматтарды қабылдау орталықтарында есептік кезеңде 6957 келуші тіркеліп, 3253 азаматқа кеңес берілген, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 548 өтініш қабылданған, 404 жеке қабылдау ұйымдастырылған және 3156 азамат қабылданған.
Жүгінушілер арасында өте жиі көтерілетін ТОП мәселелер тізбесі:
ТОП жүгінуші ұжымдық топтар:
1) Тұрғын үй құрылысының үлескерлері (салымшылары) – Ақтау және Жаңаөзен қаласы;
2) «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС ұжымы – Жаңаөзен қаласы;
3) «Mangystau Oil Refining» ЖШС ұжымы – Ақтау қаласы;
4) Автонесие мәселесі бойынша жүгінушілер;
5) Жұмыссыз азаматтар тобы (Қарақия, Мұнайлы, Жаңаөзен).
Қала және аудан әкімдіктеріндегі қабылдау жиілігі және қабылданған азаматтар саны туралы ақпарат:
Осылайша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша азаматтардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарау, барлық деңгейде жеке және ұжымдық қабылдауларды ұйымдастыру, халықтың өзекті мәселелеріне жедел әрекет ету облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі болып қала береді.
Бұдан әрі де билік органдарының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтарды қабылдау форматын жетілдіруге, өтініштермен жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етуге және орындаушылық тәртіпті қатаң сақтауға ерекше назар аударылатын болады.
Халықпен өзара іс-қимылды жетілдіру және өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады.