Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы А. Сарсенбаеваның төрағалығымен 2020 жылдың 19 қазанында Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласының қызметтерін көрсетуде өзекті мәселелерді талқылау бойынша семинар-кеңесі өтті.
Семинар-кеңеске қала және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімдердің, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары бейнебайланыс арқылы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ж. Маршакұлы, Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Б. Тәжімұханов, Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы М. Уйсенов, Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М. Сарбалаев келіп қатысты.