2020 жылдың 06 қазанында Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандардың біліктілігін, әдептілігі мен сыпайылығын арттыруға бағытталған Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ф. Оразованың төрағалығымен 2020 жылдың 06 қазанында Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандардың біліктілігін, әдептілігі мен сыпайылығын арттыруға бағытталған Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Е. Мендалиев, Маңғыстау облысы әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің, облыстық басқармалардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімінің қызметкерлері, қала және аудан әкімдіктерінің аппарат басшылары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімінің басшылары, мамандары бейне байланыс арқылы қатысты.

 

Дата публикации
06 октября 2020