2020 жылдың 17-21 қаңтары аралығында ҚР Президенті Әкімшілігімен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген тексеру нәтижелерін талқылау бойынша

Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Н. Телегеновтің төрағалығымен 2020 жылдың 14 тамызында 2020 жылдың 17-21 қаңтары аралығында ҚР Президенті Әкімшілігімен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген тексеру нәтижелерін талқылау бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы А. Сарсенбаева, облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің басшысы Г. Демеуова, Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқарма басшысы Ж. Маршакұлы, Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы бөлімінің басшысы М. Байтілеуов, Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы А. Төлегенова, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары келіп, Жаңаөзен қаласы және аудан әкімі аппараты басшылары, жауапты мамандары бейне байланыс арқылы қатысты.

 

Дата публикации
14 августа 2020