«Кендірлі» ауылын құру туралы

«Кендірлі» ауылын құру туралы

         «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жаңаөзен қаласының өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ  және Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының оңтүстік-шығысында жалпы алаңы 2 230 гектарды құрайтын ауыл құрылсын және оған «Кендірлі» атауы берілсін.
  2. Осы бірлескен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.А. Аққұловқа жүктелсін.
  3. Осы бірлескен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                  С. Трұмов       

                                    

 

Облыстық  мәслихат хатшысы                             Н. Тумышев

Дата публикации
05 ноября 2020