Мемлекеттік органдар қызметін операциялық бағалаудың «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогы бойынша «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» және «Арыздар мен шағымдарды қарау сапасы» мәселелері туралы кеңейтілген жиналысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Тәжібаевтың төрағалығымен 2020 жылдың 4 қарашасында Мемлекеттік органдар қызметін операциялық бағалаудың «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогы бойынша «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» және «Арыздар мен шағымдарды қарау сапасы» мәселелері туралы кеңейтілген жиналыс өтті.

Жиналысқа қала және аудан әкімінің аппарат басшылары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен арыз-шағымдарды қарау мәселелеріне жауапты бөлім басшылары бейнебайланыс арқылы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша басқармасының өкілдері, облыстық басқарма басшылары, орынбасарлары және жауапты мамандары келіп қатысты.

 

Дата публикации
04 ноября 2020