Маңғыстау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға 2025 жылдың 3 айы бойынша келіп түскен жолданымдар және азаматтарды қабылдаудың жай күйі жөнінде ақпарат
Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылдың 3 айында жергілікті атқарушы органдарға 12 724 (2024 ж. 3 айы – 10 404) мыңнан астам өтініш (шағымдар, арыздар, хабарламалар, ұсыныстар, жауаптар, сұрау салулар) келіп түсті, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18% - ға өскен (10404-ден 12724-ке дейін).
Өтініштердің сипаты бойынша: жеке тұлғалардан – 9704, заңды тұлғалардан – 3020.
түрлері бойынша: арыздар – 8948, ұсыныс – 1166, ЖТ/ЗТ қабылдауға өтініш – 692, хабар – 621, сұрау салу – 506, шағымдар – 501, ақпарат беру туралы сұрау салу – 130, адвокаттардың сұрау салуы – 76, бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуы – 48, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағым – 22, сот орындаушыларының сұрау салуы – 7, үн қосу – 6, нотариустің сұрау салуы – 1.
Оның ішінде қағаз жеткізгіштерде – 3319, электрондық форматта – 9352, почта арқылы – 45, жеке қабылдаудан – 8.
Халық үшін өзекті болып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері, жер және жерді пайдалану мәселелері, еңбек қатынастары және азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері.
Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына 2025 жылдың I тоқсаны бойынша 13 тапсырма (поручение) оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі – 1, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты – 3, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі – 1, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 5, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі – 1, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті – 2. Тапсырмалар уақытылы орындалып, тапсырмалар бойынша мерзім бұзушылық жоқ.
Облыс әкімдігіне және облыс әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін барлық жолданымдар бойынша алгоритмге сәйкес өңірлердің тәуекел картасы жан-жақты талданып, мұқият зерделеніп жасақталып, ай сайынғы және тоқсан сайынғы өңірлік тәуекелдер картасы бойынша ақпарат Президент Әкімшілігіне, Үкімет аппаратына ұсынылды.
Азаматтарды қабылдау орталығында Маңғыстау облысының әкімі мен оның орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қабылдауларды өткізуді ұйымдастыру
2025 жылдың 1-тоқсанында Маңғыстау облысының әкімі 9 қабылдау өткізіп, жалпы саны 145 азаматты жеке қабылдады (қаңтар айында 4 қабылдау – 68 азамат, ақпан айында 2 қабылдау – 58 азамат, наурыз айында 3 қабылдау – 19 азамат).
Облыс әкімінің орынбасарлары тарапынан 33 қабылдау өткізіліп, 404 азаматтың мәселесі тыңдалды (облыс әкімінің бірінші орынбасары Е. Ізбергенов 9 қабылдауда – 163 азамат; облыс әкімінің орынбасары Т. Жеткізгенұлы 17 қабылдауда – 227 азамат; облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаев 5 қабылдауда – 12 азамат, облыс әкімінің орынбасары А.Қаныбеков 1 қабылдауда - 1 азамат, облыс әкімінің орынбасары Т. Әбішев 1 қабылдау өткізіп, 1 азамат қабылдады).
Облыс әкімі аппаратының басшысы І тоқсанда 1 қабылдау өткізіп, 3 азамат қабылдады.
Есептілік кезеңде облыс әкімі аппаратының Азаматтарды қабылдау орталығына 1071 азамат жүгінді. Олардың 552-сі облыс әкімі, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысымен қабылданды; облыстық басқарма басшыларымен 27 қабылдау өтіп, 316 азамат қабылданды, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің басшылықтарымен 2 қабылдау ұйымдастырылып, 3 азамат қабылданды, қала әкімі деңгейінде 1 қабылдау өтіп, 20 азамат қабылданды.
Орталыққа жүгінушілер арасында жазбаша нысанда өтініш білдірген азаматтар саны – 53; кеңес алушылар саны – 127.
2025 жылдың I тоқсаны бойынша жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік Басқару Академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалында «е-Өтініш» АЖ –де жұмыс жасау бойынша барлық мемлекеттік қызметкерлерге үнемі дәрістер өткізіледі.
Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі тарапынан мерзім бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Е-өтініш» АЖ-дегі өтініштерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, күнделікті жұмыс барысында облыс әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетеді.